Шатқалдағы шалына асықты: 6 балалы ана балаларынан бас тартқан

06.11.2019 18:18

Өйткені «Алтын алқалы» ананың үшінші не төртінші күйеуі оның балаларын асырағысы келмейді.

Алты бала тапқан ана өз міндетін орындаудан бас тартып, үйінен кетіп қалған. 49 жастағы әйел айдаладағы қожалықтан табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі журналист Жазира Бегалының Facebook парақшасына сілтеме жасап.

«Ол алтын асықтай ұлдарына бір үзім нан да бермеді. «Отының бар ма, қарның тоқ па?» деп сұраған да жоқ. Шатқалға асықты. Ол жақта шалы бар», – дейді журналист өз көзімен көргенін баяндап.

Қаладағы алты баласынан безіп кеткен ана шатқалда мал бағып жүр.  Журналист жазбасында оны түнделетіп Жаркентке алып келгенін, әйелдің тұңғыш қызы мен кенже ұлына «сендерден бас тартамын» дегенін айтады.  

Өйткені «Алтын алқалы» ананың үшінші не төртінші күйеуі оның балаларын асырағысы келмейді.

Ал, жетім қалған балалардың барар жер, басар тауы жоқ...

Осыған дейін де «Дау-дамайсыз» хабарында көрермендер перзентінен безген аналар, әкелер жайлы жиі шағым жазған. Көмек сұрайды.

«Не ексең, соны орасың» деген бабаларымыз. Бұлар баланы неге тастап кетеді?» - дейді журналист баршаға сауал тастап.