Мемлекет басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет деп мәлімдеді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
«Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет», – деп жазады Президент өзінің twitter парақшасында.
Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. ҚР Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ екендігін жариялады.
Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қ. әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 24 июня 2019 г.