Алматы әлемнің үздік 100 қаласына енуі керек – Сағынтаев

06.03.2020 18:19

Бүгінде Алматыда кәсіпорындардың жалпы санынан креативті индустриялар үлесі 6,3% -ды құрайды

newsroom.kz

Алматы әлемнің үздік 100 қаласына енуі керек. Алда осындай маңызды міндеттің тұрғанын шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы мақсатта қалада креативті индустрияны дамыту бағдарламасы дайындалып жатыр. Бақытжан Сағынтаев қаланың шығармашылық қауымдастық өкілдерімен креативті экономиканы дамыту перспективаларын талқылады. Басқосуда шаһардағы түрлі салаларды дамыту бағыттары сөз болды. Қауымдастық мүшелері барлық аудандарда креативті индустрияны дамыту үшін инфрақұрылым жасау, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, шикізат базасын арттыру мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, дарынды балалар мен жастар, соның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін курстар ұйымдастыру туралы да сөз болды.

«Бүгінде Алматыда кәсіпорындардың жалпы санынан креативті индустриялар үлесі 6,3% -ды құрайды. Креативті экономика қаланың өсуі мен әл-ауқатының негізгі драйверлерінің бірі болады деп жоспарланып отыр. Алға қойған міндетке жету жолында Алматының әлеуеті жетеді. Бұл тұрғыда баршаңызды бірлесіп еңбек етуге шақырамын», – деді  Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.