Еститін мемлекет: Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен кездесуді дәстүрге айналдырды

19.02.2020 18:19

2019 жылдың 28 маусымынан бері қала әкіміне 6000-нан астам өтініш түскен

Елдің мұң-мұқтажын еститін мемлекет. Тұрғындарға құлақ асатын әкімдік. Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі ретінде жұмысын алдымен аудандарды аралаудан бастады, бар мәселені тұрғындардың өз аузынан естуді жөн көрді. Маусым сайын әр ауданға барып, халықпен кездесіп отыруды дәстүрге айналдырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

графика: 8 ауданда 24 рет кездесу өтті

7 500 тұрғын қатысты

1748 сұрақ қойылды

Мен Бақытжан Сағынтаевтың жиналысына қатыстым. Сол кісіден өтіндім біздің көшеде газ бар 5-6 жыл болды. Біздің үйде газ жоқ. Енді сізден үлкен көмек күтемін деп едім. Ол кісі "иә біз сізге көмектесеміз" деді. Содан кейін көп кешікпей газ кірді. Үйім газбен жақсы жылып тұр.      

Осы жерде осы тротуар пайда болды. Бізге де ыңғайлы жүруге. Ал, бұрын бұл жерлерде автомобильдер тұрақ қылып тастаған еді. Қазір енді ыңғайлы, өз жолымызда, ал көліктер өз жолында тұрады. Рақмет.

Тамыз айында қала әкімінің кездесуінде осы балабақшамыздың ата-аналар атынан ұсыныс жасаған едік: осы балабақша ғимаратына жөндеу жасасаңыздар. Қазіргі таңда осы ұсынысымызды елеусіз қалдырмай ғимараты мен ауласына жөндеу жасап бергені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Сонымен қатар, қала әкімі азаматтарды жеке қабылдап отырады.

графика: 

10 жеке қабылдау өтті

 142 тұрғын әкімнің қабылдауында болды

181 сұрақ қойылды

  124 мәселе шешілді

Инстаграм, фейсбук арқылы әкімге 6 мыңнан астам өтініш түскен. Осындай ашық кездесу, азаматтарды қабылдау, әлеуметтік желіде арыз-шағымды ескеру нәтижесінде құзырлы орындарға әкімнен 2 жарым мыңдай тапсырма түсті. Әр өтініш, әр тұрғын мәселесінің шешілуі, әр тапсырманың орындалуы әкімнің басты назарында!      

графика:

2019 жылдың 28 маусымынан бері 6000-нан астам өтініш түскен

графика:

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі

5910 өтініш - 90% шешілді

2436 тапсырма берілді