Алматы қаласы әкімі Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесті

17.08.2019 18:40

Алып шаһарда қураған 500 мың ағаш кесіледі

Фото Almaty.tv

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында алып шаһарда қанша ағаш отырғызылатынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.  

«Алматыдағы қураған 500 мың ағаш кесіліп, орнына 3 жылда  миллион көшет отырғызылады. Қазір қалада 2 миллион 200 мың жасыл желек бар», - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, қала басшысы шағын және орта бизнеске алдағы уақытта қанша қаржы бөлінетінін тілге тиек етті.

«Шағын және орта кәсіпті жеңілдетілген пайызбен қаржыландыруға 2 миллиард теңге бөлінді. Келесі жылы несие көлемі 10 миллиард теңгеге дейін артады», - деді Сағынтаев.