Ұйымдастырушылар науқанға атсалысқандарға кинотеатрға билет үлестірген
Ақтауда «Таза Қазақстан» экоакциясына кәсіпкерлер мен құрылыс компаниялары да қолдау көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұйымдастырушылар аумақты қоқыстан тазартып қана қоймай, науқанға атсалысқандарға кинотеатрға билет, арнайы сертификат сынды сыйлық үлестірген. Сенбілікке қатысып, қала көркін арттыруға дзюдо мектебінің спортшылары мен жағажай волейболшылары да қатысты. Олар арамшөп жұлып, теңіз жағалауындағы тұрмыстық қалдықтарды жинаған. Мұндағы пластик бөтелкелердің қақпағы да пайдаға асыпты.
Айта кетейік, экологиялық акция аясында елдің әр өңірінде аумақты қоқыстан тазарту белсенді жүріп жатыр.
– Сенбілікке компания қызметкерлері емес, түрлі ұйымның өкілдері қатысып жатыр. Олардың қызығушылығын арттыру үшін бірнеше сыйлық, сертификат дайындап қойдық. Басқа да құрылыс компанияларын сенбілік ұйымдастыруға шақырамын, – деді құрылыс компаниясының жетекшісі Ақмарал Елубаева.
Оқи отырыңыз: Қауіпсіздік пен жайлылық: Алматының Бәрібаев көшесінде балалар алаңы қалай жаңарды