Түркістан облысында 1,5 жасар қыз тарақанның дәрісін жеп қойды

16.04.2019 18:21

Ата-анасы үйіне келген қонақты күтем деп, қызын қараусыз қалдырса керек

Уланған бүлдіршінді жедел жәрдем қызметкерлері Төлеби аудандық орталық ауруханасына жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ата-анасы үйіне келген қонақты күтіп, қызын қараусыз қалдырса керек. Сол сәтте бүлдіршін еденде жатқан тарақан өлтіретін дәріні жеп қойған. Қайта анасы оны дер кезінде байқап, жедел жәрдем шақыртқан. Ауруханаға ауыр жағдайда түскен кішкентай науқасқа «жіті уланған» деген диагноз қойылды. Дәрігерлер шұғыл түрде емдік шаралар жасап, өмірін аман алып қалды. Қазіргі таңда қыздың өміріне қауіп жоқ. Бүлдіршіннің ата-анасы дәрігерлерге шексіз алғысын білдірді.