Депутат Bek Air-дің зардап шеккен жолаушыларға моральдық шығын төлеуін талап етті

30.01.2020 18:23

Әуе компаниясы әлі күнге билеттерінің ақшасын қайтарған жоқ

Bek Air компаниясы апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларына моральдық шығын ретінде өтемақы төлеуі тиіс. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Азат Перуашев тасымалдаушының әрекетін сынға алып, еліміздің бас Прокурорына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Оның сөзінше, Bek Air басшылығы қаралы оқиғадан кейін Үкіметтік комиссияның ресми қорытындысын күтпей, өз болжамдарын жариялаған. Ал әуе компаниясының жолаушылары әлі күнге билеттерінің ақшасын қайтара алмай жүр.

«Үкіметтік комиссия бір айдан бері жұмыс жүргізіп жатса да, қоғамға әлі Бэк-Эйр-дің кінәлі қызметкерлеріне, басқа да жауапты тұлғаларына қатысты ұстау немесе қандай да бір санкциялар қолданғаны туралы ешкім тіс жарып айтқан жоқ. Ешкім кек алуды немесе жазаға тартуды талап етпейді. Ең құрығанда, осы апатта қызы болған біздің азаматтардың алдында әділдік орнауы қажет қой», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат ПЕРУАШЕВ.