Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

17.06.2023 в 18:23

Президент кесененің тарихи келбетін сақтау жөнінде тапсырма берді

akorda.kz

Президент бүкіл түркі дүниесіне танымал ғұлама Қожа Ахмет Ясауидың және осында жерленген тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында жүргізіліп жатқан ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтау жөнінде тапсырма берді.