Алматыда телекоммуникациялар қызметіне төлем жасамағаны үшін абоненттер өшірілмейді

22.03.2020 18:23

«Алматытелеком» үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету үшін абоненттерді өшірмейді

пресс-служба акимата Алматы

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қала тұрғындарының  коммуналдық қызметтерді және кейбір басқа қызметтердің төлемдерін кейінге шегеру бастамасын жүзеге асыруға байланысты, «Алматытелеком» мекемесі де өз дайындығы жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімінің бастамасымен «Алматытелеком» карантин кезінде үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету үшін абоненттерді өшірмейді және ағымдағы жылдың наурыз, сәуір айлары үшін телекоммуникация қызметіне уақытылы төлем жасамағаны үшін өсімақы қоспайды.

Сонымен бірге, қазақстандықтарға карантин кезінде қолдау көрсету үшін «Қазақтелеком» 20 наурыздан бері қосымша төлемсіз iD TV барлық абонеттеріне сыйақы пакеттерімен телеарналарға қолжетімділік беріп отыр.

«Қазіргі уақытта iD TV қызметінің пакетіне 60-тан астам қазақстандық, фильмдер трансляциясымен30-ға жуық танымдық, ойын-сауықтық, спорттық, балаларға арналған және музыкалық телеарналарды қосқанда, түрлі жанрдағы 170 арна қосылған», – деп тоқталды «Алматытелеком» коммерциялық директоры Найла Әбділбаева.

Алматы қаласы бойынша «Алматытелеком» АТД-да клиенттер үшін онлайн арналар жұмыс істейді. Оның ішінде, байланыс орталықтары – 160, 165; портал telecom.kz; сондай-ақ, WhatsApp әлеуметтік желілерінде және Telegram қосымшаларында онлайн көмекшілер жұмыс істейді.

«Төтенше жағдай және карантин кезінде клиенттерге ыңғайлы болу үшін telecom.kz порталындағы онлайн-кеңесшілердің жұмыс уақыты  WhatsApp әлеуметтік желілерінде және Telegram қосымшаларында сағат 23.00-ге дейін ұзартылды. Ал 160 және 165 нөмірлері бойынша байланыс орталықтарының жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады», - деді Найла Әбділбаева.

16 наурыздан 21 наурызға дейінгі кезеңде онлайн арналар бойынша өтініштер 24 есеге көбейгені байқалған.

Сонымен қатар, «Алматытелекомда» қызметкерлердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды.