Ел ішінде әуе рейстерінің құны қымбат, ал темір жол билеттерін алу мүмкін емес. Кеше Президент Қасым -Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы жолдауында билет мәселесін айтып, жауапты мекемелерді сынаған еді. Ал бүгін вице-премьер Жеңіс Қасымбек үкімет отырысында әуе билеттері бағасының неліктен қымбат екенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Билеттердің қымбат болуындағы басты мәселе жүк көтергіштігі мен қазіргі сұранысты қанағаттандыру үшін ұшақтардың жетіспеушілігі», – деді Жеңіс Қасымбек.
Осы мәселені шешу үшін мамыр айында Fly Arystan әуе компаниясы ашылғанмен, олда проблеманы толық шеше алмаған. Сондықтан күн сайын ұшатын 14 рейсті жыл соңына дейін 28-ге жеткізу жоспарланып отыр.
Билет құнын төмендетуге тағы бір үміт – модернизациядан өткен мұнай зауыттарындағы авиациялық жанармай бағасын арзандату. Ал пойыз билеттерінің жетіспеушілігіне заңсыз делдалдар кінәлі. Билет таппай қиналған жолаушылардың мәселесін шешудің жолы билет сатуды цифрландыру болып табылады.