Алматы полицейлері қала тұрғындарын телефондағы күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады

17.08.2022 18:25

Ақшаны көбейтуге уәде беретін немесе үлкен ақшалай ұтыстар туралы хабарлайтын интернеттегі күмәнді байқауларға қатысудың қажеті жоқ

icqinfo.ru

Өңірлік қызметте өткен брифингте Алматы қалалық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов вирустық файлдар мен қосымшалар болуы мүмкін екенін, олар қаскүнемдерге мобильді банкингтегі қаражатыңызға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Әр түрлі сайттарға өзіңіздің банк карталарыңыздың деректерін енгізбеңіз, себебі бұл сіздің жеке ақпаратыңызды жинау үшін арнайы құрылған, әрі қарай сіздің банк картаңыздан рұқсатсыз төлем жасау үшін пайдаланылатын «фишингтік» сайттар болуы мүмкін», - деп жалғастырды Қ. Науатов.

Ақшаны көбейтуге уәде беретін немесе үлкен ақшалай ұтыстар туралы хабарлайтын интернеттегі күмәнді байқауларға қатысудың қажеті жоқ. 

Азаматтарға криптовалюталарға, акцияларға, бағалы металдарға және т.б. инвестициялау арқылы үлкен дивидендтер беретін күмәнді жобаларға ақша салмау керектігі ескертілді. Сонымен қатар, алаяқтар әртүрлі елдерден жоқ абоненттік нөмірлерден қоңырау шалып, олардың фирмаларына (QuestraWorld, AssetWorldManagement) инвестициялаудың пайдасы туралы нанымды түрде айта алады.