Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына 95 жыл

08.10.2019 18:26

Шара «Нақтылық пен жаңа уақыт талабы» деп аталады

«Еліміздің іргесі берік, бәсекелестік қабілеті жоғары болуы үшін сапалы ұстаздар қажет». Бүгін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастырған халықаралық дөңгелек үстелге қатысушылар осындай ой білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кәсіподақ тарихының 95 жылдығына орай ұйымдастырылған шара «Нақтылық пен жаңа уақыт талабы» деп аталды. Жиынға қатысқан кәсіподақ мүшелері мұғалімдердің жағдайын жасау, аталған салаға тек ең үздік деген студенттерді тарту, олардың еңбек нарығында бәсекелестігі жөнін талқылады.  

«Біздің біліміміздің сапасын жоғарылату үшін, алдымен педагогтың жағдайын жасауымыз қажет. Педагог еш нәрсеге алаңдамай, өзінің жұмысына ғана жасайтын болса, ол сонда ғана мықты мұғалім болады. Ол үшін мықты еңбекақысы болу керек. Бұл жұмысқа ер азаматтарды тарту керек», - деді Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра АМАНТАЕВА.