Қандай жағдайда жүргізуші айыппұлды жеңілдікпен төлей алмайды

25.07.2022 18:26

Мақсат - темір тұлпар тізгіндеген азаматтардың жауапкершілігін арттыру

Almaty.tv

Енді 1 жылдың ішінде 5-тен көп жол ережесін бұзған жүргізуші айыппұлды 50 пайыз жеңілдікпен төлеу құқығынан айырылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жаңа заң жобасы қазір қарастырылып жатыр. ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиевтің айтуынша, Мемлекет басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Заңға қол қойды. Ол 9 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Түзетулер көлік құралын мемлекеттік нөмірсіз қайта басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің жаңа құрамы енгізілді.  Онда 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде өндіріп алу көзделген. Бұрын бұл тәртіп болмаған. Жаңашылдықты еңгізудегі мақсат - темір тұлпар тізгіндеген азаматтардың жолдағы жауапкершілігін арттыру.  

«Жыл басынан бері жол апатында 1000-нан аса адам қаза тауып, 8000-нан аса адам жарақат алды. Күн сайын елімізде көлік апатынн 10-ға жуық адам қаза тауып, 70-ке жуық азамат түрлі дене жарақатын алады. Тек өткен аптада ғана елімізде 200-ден аса жол көлік оқиғасы тіркелді», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев.