Парижде Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин көз жұмды

08.08.2024 18:27

Оның кенеттен жүрегі тоқтап қалған

пресс-служба Управления спорта города Алматы

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына келген Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрлігі де растады.

Алдын ала ақпарат бойынша, оның кенеттен жүрегі тоқтап қалған.

Ерден Рашидұлы Алматы қалалық спорт басқармасын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарған. Оған дейін Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Ерден Хайруллин Парижде ісcапарда болған еді.