Бұл күн мереке ретінде елімізде 2011 жылдан бері аталып келеді
Осы демалыс күні әлеуметтік қызметкерлер кәсіби мерекелерін атап өтті. Атаулы күнге орай Жетісу ауданындағы 100-ге тарта осы сала мамандары Медеу мұз айдынында тегін сырғанады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Төл мереке иелеріне мұндай мүмкіндікті қаладағы кәсіпкердің бірі тарту еткен. Мүмкіндігі шектеулі жандармен, сондай-ақ қарттармен жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер күні елімізде 2011 жылдан бері аталып келеді.
«Әлеуметтік қызметкерлерді мерекемен құттықтап, «Медеу» мұз айдынына алып келіп, көңіл бөлген әкімдікке көп рахмет», – деді Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппараты жанындағы әлеуметтік сала бөлімшесінің меңгерушісі Рита ЮЛДАШЕВА.