Қыркүйекте 896 шетелдік Қазақстанда тұрақты тұру ықтиярхатын алуға өтінім берді
Қыркүйек айының 1-24 күндері аралығында 896 шетелдік Қазақстанда тұрақты тұру ықтиярхатын алуға өтінім берді. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Осы жылдың 1 мен 24 қыркүйегі аралығында 896 мың шетел азаматы тұрақты тұру ықтиярхатын алуға жүгінді. Оның ішінде Ресей Федерациясының 115 азаматы бар. ІIМ бұйрығымен белгіленген тәртіппен және шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңға сәйкес рұқсат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушы деп танылады», - деді Аслан Аталықов ІІМ баспасөз қызметіндегі брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, кез келген шетелдің азаматтың заңды негізде тұрақты тұру ықтиярхатын алу үшін өтінім бере алады.
«Егер ол мұнда заңсыз келсе, әрине, тұруға рұқсат алу туралы сөз де болмайды. Осында қалуға рұқсат алудың барлық негіздері Көші-қон туралы заңның 49-бабында егжей-тегжейлі жазылған. Тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда шетелдік 30 күн ішінде Қазақстаннан тыс жерге кетуге тиіс. Ал рұқсат беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда шетелдік тұруға ықтиярхат рәсімдейді. Оның мерзімі ұлттық паспортының қолданылу мерзімімен белгіленеді», - деп түсіндірді ол.