Актёр Шерхан Пірназар арулар қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Құрметті ақ жаулықты аналар, арулар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктемнің гүліндей құлпырып, әдеміліктің, әсемдіктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты, баянды ғұмыр кешіңіздер. Мереке баршаңызға құт-береке алып келсін!», – деді Шерхан Пірназар.