Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді - Тоқаев

27.09.2022 18:28

Қазақстан Президенті Түркістан жұртшылығымен кездесті

Ақорда

Қазақстан Президенті Түркістан жұртшылығымен кездесуде қазіргі халықаралық ахуал жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет басшысы өз сөзінде күрделі жағдайда біз ең алдымен адамгершілік, сабырлық, ұйымшылдықты танытуымыз керегін атап өтті.

«Жалпы, осындай күрделі жағдайда біз ең алдымен адамгершілік, сабырлық, ұйымшылдықты танытуымыз керек. Бізде ешқандай дағдарыс жоқ, дүрбелең де жоқ. Үкімет өз жұмысын атқаруы керек.

Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді. Жұмыстың бәрі заң бойынша, келісімдер бойынша жүргізіледі», - деді Мемлекет басшысы.