Жеке шоттағы ақшаны алаяқтардан қалай қорғауға болады

18.11.2021 18:29

IT маманы кибершабуылдан қорғанудын бірнеше мысалын келтірді

Фото: ашық дереккөзден

Алаяқтар тұзағынан зардап шеккендердің қатарын көбейтпей үшін не істеу қажет және одан қорғану жолдары қандай? Бұл туралы IT саласының маманы, блогер Айболат Құлатай «Алматы» телеарнасының «Таңғы Studio» бағдарламасында айтып берді.

Алаяқтар заман талабына сай ақпараттық технологияларды өз мүддесіне жаратып, кәнігі маман болып алған. Олар телефонның ар жағында отырып-ақ өз қулығын іске асырады екен.  

IT маман ондай құрыққа түспес үшін телефон тұтқасын қойып, ресми нөмірлерге қайта хабарласу керек екенін айтады.

Осыған орай IT маманы кибершабуылдан қорғанудын бірнеше мысалын келтірді:

1.Әлеуметтік желі де қолданылатын құпиясөз 8 символдан асуы тиіс.

2. Өзіңіздің жеке картаңыздың CVV нөмірін айтпауыңыз керек.

3. Онлайн несие рәсімдеу кезінде, ресми сайт екеніне көзіңізді жеткізуіңіз қажет. 

Айта кетейік, 2010 жылдан бері желі қолданушылары 75%-ға өскен. Сондықтан хакерлердің шабуылы жыл сайын 3-4 мыңға артып отыр.