Бақытжан Сағынтаев Алматы көшелерінде қосылмайтын жарықшамдар жайлы айтты

Бақытжан Сағынтаев Алматы көшелерінде қосылмайтын жарықшамдар жайлы айтты
Тексеру барысында істен шыққан 622 жаршам анықталып, 529-ы жөнделген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы аудандарында жаңа жарық нүктелері  тексерілуде. Кей жерлерге жарық бағаналары орнатылғанымен, шамдар ілінбесе, кей жерлерде жарық көздері мүлдем жанбайды делінген қалалықтар шағымында. Нәтижесінде, бір апта көлемінде проблемалы аумақтарда істен шыққан 622  жарық көздері анықталып, бүгінде олардың 529-ы жөнделіпті. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің инстаграмм парақшасында туындаған мәселерді жедел шешу үшін жаңа жарық нүктелерін тарту бағыттарында мониторингтің жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі.

Бұған дейін 10 қазан күні Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жиында көшелерді жарықтандыру желілерінің құрылыс барысы қаралып, ағымдағы жылдың соңына дейін Алматыда алғаш рет 208 көше жарықтандырылады деп мәлімденген болатын.  Барлығы шамамен 4000-ға жуық жарық нүктелерін қазан айының соңына дейін орнату жоспарда болса, жыл аяғына дейін қаланың жарықтандыру деңгейін жүз пайызға жеткізу көзделген еді. Осы мәлімдемеден кейін қала басшысының жеке парақшасына тұрғындар тарапынан орын алған кемшіліктер туралы көптеген хабарламалар келіп түскен.

Новости партнеров