Қазіргі уақытта 397 жекеменшік балабақшада мемлекеттік білім беру тапсырысы жүзеге асқан
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен балабақшалардағы кезекті едәуір төмендету мақсатында жергілікті бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшалардағы тәрбиеленушінің жасына қарамастан тамақтануға жұмсалатын шығындардың 100%-ын өтеу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Алматыда жергілікті бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысы бар жеке балабақшаларда балалардың тамақтану шығындарын субсидиялау жоспарланғанын атап өтті. Субсидия сомасы 18 900 теңгені құрайды.
«Бұл жұмыс жеке сектормен талқыланды. Қазіргі уақытта ҮЕҰ және жеке сектормен келісім бойынша өлшемдер әзірленді. Қабылдау ақпан айының басында басталады. Қаражат көлемі өтінімдердің түсуіне байланысты анықталады. Қанша орын анықталса, сонша орынға қаржы бөлінеді», — деді Л. Жылқыбаева.
Қазіргі уақытта 397 жекеменшік балабақшада мемлекеттік білім беру тапсырысы жүзеге асқан. Бұл бір балаға айына 28 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар тамақтану үшін —18 900 тг. Субсидия тек қосымша орындар үшін берілетіні атап өтілді.
Л. Жылқыбаева атап өткендей, жеке ұйымдардың бағдарламаға қатысуы үшін келесі талаптар талқылануда:
1. Мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық базасының мектепке дейінгі тәрбие саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге міндетті түрде сәйкестігі, яғни санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталуы тиіс;
2. Тамақтану және қосымша білім алу үшін ата-ананың ақы төлеу жиынтығы айына 60 мың теңгеден аспауы тиіс;
3. Ата аналардың қанағаттанушылығының жоғары деңгейі — бұл жұмыс ата-аналарға онлайн-сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.