Мүгедектік жөніндегі жәрдемақының орташа мөлшері 52 609 теңге болды

20.04.2022 18:29

Жыл басынан бері мүгедектер мен асыраушысынан айырылған жандарға 104,6 млрд теңге қаражат төленді

ашық дереккөз

Жыл басынан бері мүгедектер мен асыраушысынан айырылған жандарға жәрдемақы түрінде 104,6 млрд теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, биылғы наурыз айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыға 27,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 7,7 млрд теңге жұмсалды.

«2022 жылғы 1 сәуірде әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 525 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 174,3 мың адам тіркелді. Оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты. Сәуірде мүгедектік жөніндегі әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 52 609 теңге, асыраушыдан айырылу жағдайында 43 957 теңге болды», – деп жазылған хабарламада.