Қаза болғандардың туыстарына барлық қажетті көмек көрсетілуде
Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Алматы — Нұр-Сұлтан бағытындағы Z2100 рейстің қаза болған жолаушылардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қаза болғандардың туыстарына барлық қажетті көмек, соның ішінде медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Зардап шеккендер қалалық клиникаларға орналастырылуда», - деп жазды қала әкімі twitter парақшасында.