Өңірлік қоғамдық Кеңесте цемент кәсіпорнының санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық нормаларын бұзу туралы мәселе көтерілді
Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңесте цемент кәсіпорнының санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық нормаларын бұзу туралы мәселе көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Санитарлық қорғау аймағын сақтамау жөніндегі көптеген шағымдардың негізінде кәсіпорынға Алматы қаласы бойынша экология департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізді, соның нәтижесінде Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына экологиялық рұқсат құжаттарынан айыру туралы талап арыз берді.
«Нұртау Темір» ЖШС бас директоры Е.Төлепбековтың айтуынша, мемлекеттік органдар мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындары тарапынан кәсіпорындардың санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық нормаларды бұзуына қатысты шағымдары негізсіз.
Цемент зауытының өкілдері партияға жүгінгеннен кейін партиялық бақылау комиссиясы көшпелі кеңес өткізді, оның барысында тұрғындар түнгі уақытта тыныштықты бұзу, атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарылуы, сондай-ақ санитарлық-қорғау аймағын сақтау мәселелерін белгіледі.
Қазіргі уақытта кәсіпорын жыл сайын 240 мың текше метр бетон шығарады, ал зауытта 300-ден астам адам жұмыс істейді. Кәсіпкерлікті дамыту және тұрғын үй құрылысы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Алматыда бүгінгі таңда көппәтерлі үйлердің құрылысы бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ 1,4 мың ескі үйлерді ауыстыру, осы саладағы кәсіпорындар қала үшін экономикалық маңызы зор.
Сонымен қатар, қойылған мәселелерді шешу үшін Алматы қаласының СЭС департаменті шу, діріл және ауа, елді мекендердің цемент шаңының деңгейін өлшеу жолымен зертханалық-эксперименттік зерттеу әдістерін қолдана отырып, «Нұртау Темір» ЖШС санитариялық-эпидемиологиялық тексеру тағайындады, сондай-ақ Алматы қаласының экология департаменті санитариялық-қорғаныш аймағын өлшеу үшін тексеру тағайындады. Ұсынылған нәтижелерге сәйкес ластаушы заттар, оның ішінде атмосфералық ауадағы цемент шаңы жол берілетін концентрациядан аспайды.
Қайта тексеру кезінде өлшеу нәтижелері «Нұртау Темір» ЖШС кәсіпорнынан шығатын шудың рұқсат етілген деңгейінің артқанын анықтаған жоқ. Атмосфералық ауаны зерттеу де рұқсат етілген норманы көрсетті. Сонымен қатар, кәсіпорын базасына іргелес аумақты тексеру кезінде комиссия тағы бірнеше өндірістік аумақтың орналасуын тіркеді. Цемент пен құрылыс қоспаларын өлшеп-орау цехы қараусыз қалған жартылай бұзылған ғимаратта табылды.
Осыған байланысты қоғамдық Кеңес бірқатар ұсынымдар берді, оның ішінде бақылау нәтижелерін толық анықтау үшін кеңес және партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің қатарынан жұмыс тобына қосымша тексеріс жүргізу, сондай-ақ үш ай және одан да көп мерзімге ауаның ластану деңгейін өлшеу құрылғыларын орнату. Бұдан басқа, Алматы қаласы СЭС департаментінің басшысы Ж. Бекшин санитарлық қорғау аймағын және тұрғындардың денсаулығына зиянды факторлардың әсерін бақылау үшін арнайы мамандарды шақыру туралы ұсыныс енгізді.