Есенгелді Талбидинов жарылыстан қаза болған азаматтардың отбасына көңіл айтты

29.08.2021 18:31

ҚР Президентінің Жарлығымен 29 тамыз – Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

instagram парақшасынан

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Есенгелді Талбидинов Жамбылдағы жарылыстан қаза болған азаматтардың жанұясына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери қоймасында болған жарылыста  адамдардың қаза табуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Осы орайда, қаза тапқан әскери қызметкерлер мен құтқарушылардың жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Иманды болсын!» – деп жазды instagram парақшасына.

Айта кетейік, ҚР Президентінің Жарлығымен 29 тамыз – Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.