Қарағанды мен Нұр-Сұлтан арасындағы ақылы жолда бірнеше көлік тұрып қалды

05.12.2019 20:05

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жолдың жөнделіп жатқан жері ғана тайғақ екенін айтты

Жүргізушілер бетонның бетін мұз басқандықтан, трасса көктайғақ болып қалғанын айтып, ескертуде. Видео әлеуметтік желіге тарап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компания баспасөз-қызметінің мәліметінше, Теміртау-Қарағанды және Екатеринбург-Алматы жолдары жөнделіп жатыр. Сондықтан, сол жері ғана тайғанақ. Оның үстіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан тұста жылдамдықты сағатына 50 шақырымнан асыруға болмайды. Қазіргі таңда жол құрғақ, - деп сендірді компания өкілдері. Тіпті видеоға да түсіріп, әлгі жүргізушіге жауап ретінде жүктеген.