Өткен аптада үшінші азаматтың денесі табылған
Майқайыңдағы шахтаға түсіп кеткен автобус табылды. Кеше кешке іздеу жұмыстары нәтижесінде көліктің алдыңғы бөлігі көріне бастаған. Бұл туралы Павлодар облысының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, ауа райының қолайсыздығынан шаруа аса сақтықпен жүргізіліп жатыр. Бүгін таңғы сағат 5:00-де іздестіру қайта жанданды.
Айта кетейік, автобус жүргізушінің денесі әлі табылған жоқ. Биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» кеніші аумағында 4 тау-кен құтқарушысы мінген автобус шахтаны тазалау кеңістігіне құлап кеткен. Сол күні екі құтқарушының мәйіті табылды. Ал өткен аптада үшінші азаматтың денесі жер бетіне шығарылған.