Бұл жөнінде еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты
Ол қазіргі уақытта дәрігерлер тобымен емдеу шараларының толыққанды мөлшерде жүргізіліп жатқандығын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Бір науқастың жағдайы өте қауіпті. Ол Алматы облыстық ауруханасында жатыр. Кеше арнайы мамандар қосымша көрді. Олардың арасында біздің травматология, ортопедия ғылыми зерттеу институтының басшысы, профессор Батпенов та болды. Барлық ем келісіліп өткізіліп жатыр. Дәрі-дәрмектің бәрі бар. Тікелей менің бақылауымда», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.
Елжан Біртанов сондай-ақ, екінші ұшқыштың халі туралы да айтты. Ол қазір жансақтау бөлімінде. Ота жасалып, жағдайы тұрақты қалыпқа келді - деді министр. Одан бөлек, екі Украина азаматы және 1 қырғызстандық ауруханаларда ем қабылдап жатыр.
Айта кетейін, бүгінде медициналық мекемелерде әуе апатынан жапа шеккен 46 адам жатыр, оның 9-ы бала.