Шектеу бүгіннен бастап күшіне енді
Қазақстанға жыл соңына дейін шеттен бидай әкелуге тыйым салынды. Мұндай шектеу бүгіннен бастап күшіне енді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің таратқан ақпарына сай, биыл жарты жылдың ішінде 1 миллион 300 мың тонна бидай өзге мемлекеттен әкелген. Бұл іс жүзінде 2023 жылмен салыстырғанда импорттың жылдық көлеміне тең. Ал Қазақстанның ішкі нарығында былтырғы егіннің бидай қоры жеткілікті. Сондықтан өнімді импорттауға шектеу енгізу туралы шешім шығарылған.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Инклюзивті Алматы» бағдарламасының тұжырымдамасы талқыланды