Мектепке жол: Алматыда 70-ке жуық балаға оқу құралдары мен сөмке табысталды

27.08.2024 18:32

Қайырымдылық акциясын Алматыдағы ҚХА «Аналар» кеңесі өткізді

Almaty.tv

Алматыда ҚХА «Аналар» кеңесі дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара 15 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ол жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде аз қамтылған отбасыларға демеу көрсетуге бағытталған. Биыл 70-ке жуық балаға қажетті оқу құралдары мен сөмке табысталды.

– Өскелең ұрпақтың алаңсыз білім алуына үлес қосқанымыз қуантады. Ассамблеяның «Аналар» кеңесінің басты міндеттерінің бірі – жастар тәрбиесіне көңіл бөлу, – деді ҚХА Алматы қалалық «Аналар» кеңесінің төрайымы Махинур Исраилова.

Оқи отырыңыз: Келесі жылы студенттердің шәкіртақысы артады