Президенттің жеке фотографы кім

12.05.2022 в 18:43

Ол 1988 жылы дүниеге келген

Президенттің жеке фотографы – Аманқұл Дүйсенбаев. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Фейсбук парақшасында жазды, деп деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желідегі оқырмандардымыздан түсіп жатқан сауалдарға байланысты сіздерге фотолар мен видеоларымызды әзірлейтін, қас-қағым сәтті қалт жібермейтін кәсіби мамандарымызды таныстырғымыз келеді.

Президенттің жеке фотографы – Аманқұл Дүйсенбаев. 1988 жылы дүниеге келген. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен Парламент Сенатының төрағасы кезінен, яғни 2007 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді.

Тағы бір жеке фотограф – Ғани Өмірбеков. Ол 1987 жылы туған. Ғанидың ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде жұмыс істегеніне 3 жылға жуық уақыт болды», – деді Руслан Желдібай.

Оның айтуынша, Қазақстан Президентінің Түркияға мемлекеттік сапары кезінде Ғабиден Құрышбеков әлеуметтік желідегі парақшаларында таралған видеоны түсірген. Ол 1994 жылы дүниеге келген. Ғабиденнің баспасөз қызметінде жаңа форматтағы аса жауапты жұмысты бастағанына көп уақыт өткен жоқ.