Тараздағы Баспасөз үйіне Шерхан Мұртазаның есімі берілді

27.12.2021 18:32
Фото: М.Төлепберген

Үкіметтің қаулысымен халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның есімі Тараз қаласындағы Баспасөз үйіне берілді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген Facebook-тағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Үш қабатты ғимаратта облыстық «Ақжол», «Арай», «Знамя труда» газеттері және Өңірлік коммуникация қызметі мекемесі орналасқан. Шерағаның қуатты қаламынан туындаған көркем және публицистикалық шығармалары мен биік азаматтық көзқарастары, рухани бай мұрасы – ұлтымыздың қазынасына айналған. Сондықтан да ұлт перзентін ұлықтап, құрмет көрсету өте орынды», – деп жазды Мейрамбек Төлепберген.