Алматыдағы құрылысы тоқтап қалған ғимараттар әлеуметтік нысанға айналмақ

Алматыдағы құрылысы тоқтап қалған ғимараттар әлеуметтік нысанға айналмақ
Әкім қалада мұндай ғимараттардың шамамен 50 шақтысы барын атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы құрылысы тоқтап қалған нысандардың орнына балабақша, мектеп және емханалар салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасына жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бүгін бос тұрған объектілер — өндіріс базаларына, салынып бітпеген үйлерге, ескірген ғимараттарға, бос тұрған учаскелерге «жан бітіру» мәселесін қарадық. Осындай не қала экономикасына немесе тұрғындарға еш пайдасы жоқ 50-ден астам объектілердің бар екені анықталды», – деді ол.

Әкім қалада мұндай ғимараттардың шамамен 50 шақтысы барын атап өтті. Негізінен олар өндірістік базалар, салынып бітпеген үйлер мен бос жатқан жерлер. Мәселенің шешу жолын Бақытжан Сағынтаевтың өзі көрсетіп берді.

«Мәселені шешуге шаруашылық тұрғыдан келу міндетін қойдым: бұл іске бизнес пен жеке инвестицияны тарту керек. Бос тұрған активтерді экономикалық айналымға тарту бюджетке қосымша кіріс әкеледі және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», – деді Алматы әкімі.


Новости партнеров