Алматыда су қоймасының құрылысы басталды

21.12.2023 18:33

27 желтоқсанда Қарғалы өзені бойындағы су қоймасы техникалық іске қосылады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 4 жаңа су қоймасының жобасы жасалып, құрылысы басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

27 желтоқсанда Наурызбай ауданының шығыс бөлігіндегі Қарғалы өзені бойындағы су қоймасы техникалық іске қосылады.

Ақсай су қоймасы жоспарланған мерзімге сәйкес салынуда. Ерменсай және Барлық өзендеріндегі су қоймалары жобалау сатысында.

Оқи отырыңыз: Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жаңа стандарты енгізілді