Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында соғыс ардагерлері кездесті

28.01.2020 20:32

Блокадо кезінде майданда болған 47 ардагер Аламаты қаласында тұрады

Биыл Ұлы жеңіске - 75 жыл. Осы мерекеге орай қалдағы 28 панфиловшылар саябағында Ұлы Отан соғысының хас батырлары кездесті. Олар Ленинградттың фашистерге қарсы блокада майданындағы соғысқан. Кездесу барысында саябақтағы жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, өз замандастарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Блокадо кезінде майданда болған 47 ардагер Аламаты қаласында тұрады. Шараға Ресей Федерациясының елшілері келіп, мерекемен құттықтады. Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

«Біз Ұлы мерекеге орай ардагерлерімізбен жыл сайын кездесу өткізіп тұрамыз. Кездескен сайын, олардың санының азайып бара жатқанын байқаймыз. Біз, қазіргі ұрпақ оларға барынша құрмет көрсетуіміз керек. Олар өз жастық шақтарын майдан мен оқтың арасында жүріп өткізді. Ал, қазір сол бір жеңістің арқасында балаларымыз бейбіт күнде өмір сүріп жатыр», - деді Ресей Федерациясының Қазақстан республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ирина ПЕРЕВЕРЗЕВА.