ҚР Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

24.01.2022 в 18:33

Ведомство Мемлекет басшысының жарлығымен құрылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«Қазақстан Республикасының Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылсын», – делінген Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Жарлықта.

Аталған ведомство Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында құрылып жатыр.

Сондай-ақ ҚР Президентінің кейбір актілеріне Қарулы күштердің бас қолбасшылары мен қолбасшыларын тағайындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.