«Гүлдер» ансамблінің экс-солисі Амангелді Шыңғысовқа қайырымды жандар ақша жинап, пәтер алып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұған дейін 82 жастағы қария Алматыдағы вокзал маңы мен хостелдерді жағалап жүрген болатын.
«Жұбайы мен қызы дүниеден ерте кетіп, ұлы мен келіні үйінен қуып шыққан атамыз елдің бәрін жылатып еді. Жанашыр халық жиналып, @elge_komek_ber қайырымдылық қорының бастамасымен 48 сағаттың ішінде қамкөңіл қартқа пәтер алып берді және умраға жолдама сыйлады. Ел азаматтарына және атсалысқан баршаңызға алғыс айтамыз! Алла разы болсын!» – делінген Инстаграмдағы парақшалардың бірінде.
Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын «Гүлдер» ансамблінің экс-солисі Амангелді Шыңғысов «Алматы» телеарнасы «Шешімі бар» ток-шоуына келіп, көмек сұраған болатын. Бұл бағдарлама 28 күннің ішінде 500 мыңға жуық қаралым жинап, көпшіліктің көңілін босатты.