Ақтауда теңіз жағалауы тазартылып жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Тазалық бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда теңіз жағалауы балдырлар, лай мен тастардан тазартылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мердігер компания жағалауды реттеу жұмысын арнайы бекітілген кестеге сай жүретінін жеткізді. Әрі 30 шақырымға дейінгі аумақ қамтылмақ. Теңіз жағасында демалушыларға қолайлы жағдай қалыптастыру үшін Самал-15 шағынауданынан бастап, «Жылы жағажай», «Аққу» лагерінің аралығы абаттандырылады.

Айта кетейік, аталған істің бәрін 30 күн ішінде аяқтау міндеті тұр.

– Ірі габаритті қоқыстардан, арматуралардан, теңіз жағалауындағы бетонный блоктардан, сонымен қатар балдырлардан  тазалау жұмысы жүргізілуде. Қазір 1Б шағынауданындағы Дискай жағалауында қоқыс шығарылды. Тазалық бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі, – деді Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Айдар Бисенов.

Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: Алматыда жазғы акция басталды

Новости партнеров