Иманғали Тасмағамбетовтің анасы дүниеден озды

Иманғали Тасмағамбетовтің анасы дүниеден озды
Анамыз тірі болғанда келер жылы 90 жасқа толар еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтің анасы өмірден өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Қазаққа Иманғалидай асыл ерді сыйлаған Ділдә Матайқызы – Тасмағамбет келіні өмірден өтіпті. Иманы саламат болғай! Ағамызға Алла Тағала күш-қуат берсін!», - деп жазды «Jambyl» телерадиоарнасының директоры Мейіржан Әлібекұлы инстаграм парақшасына.

Айта кетейік, Ділдә Матайқызы Тасмағамбет келіні – ел анасы атанған елеулі жандардың бірі, халық қадірлісі. Ол тек отбасы емес, ауыл-аймақ, күллі елінің келешегіне алаң болып, амандық тілейтін ел анасы болды. Қазақ халқын айрандай ұйытып отырған Елбасынан бастап, билік басында жүрген әрбір азамат, туған халқы мен ағайын-жұртының әр қимылына баға беріп, жүрек сүзгісі, ақыл таразысынан өткізеді. Ол өзі туған еліне сонысымен де қадірлі еді.

Осы ретте «Алматы» телеарнасының ұжымы Иманғали Тасмағамбетовке анасы Ділдә Матайқызының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Новости партнеров