Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды
«АрселорМиттал Теміртау» тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай шахтерлердің жалақысын атады, деп хабарлайды Almaty.tv.
- Жұмысшылардың жалақысын шамамен айта аламын. Ол түрлі жағдайларға байланысты. Кен өндіру учаскесінің үңгушісі шамамен 860-880 мың теңге жалақы алады. Бірақ ол үшін жоспарды, техника қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштің барлық шарттарын орындауы қажет. Бұл – бесінші разрядтағылардың жалақысы. Ал қосалқы учаскенің үшінші разрядты жерасты тау-кен жұмысшысының жалақысы 500-515 мың теңге шамасында. Олар да техника қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштің барлық шарттарын орындауы тиіс, - деді ол Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте.
Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт кеше, 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.
Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.
5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың денесі табылды. Қалған 3 адамды іздестіру жалғасып жатыр.
Қарағандыдағы көмір шахтасында зардап шеккендердің арасында екі адам жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабарлаған едік.
Айта кетейік, Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.
Дереккөз: ҚазАқпарат