Мониторингтік топтар аудандағы 72 нысанды тексерді
Алматыда демалыс күндері мониторингтік топтардың күшейтілген жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Эпидемиялық жағдайдың ушығуына және жұқтырушылар санының көбеюіне байланысты Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен демалыс күндері қала бойынша мониторингтік топтардың күшейтілген жұмысы жүргізіледі.
Осы мақсатта Медеу ауданы бойынша осы жылдың қараша айының 13-нен 14-не қараған түні 4 ауданнан 9 мониторингтік топ құрылды: Медеу ауданы – 3 топ, Түрксіб ауданы – 2 топ, Бостандық ауданы – 2 топ, Жетісу ауданы – 2 топ.
Мониторингтік топтар аудандағы 72 нысанды тексерді. Тексеру кезінде 69 нысан жабық тұрған.
Келушілердің болу уақыты тоқтатылып, 350-ге жуық адам болған үш мекемеден қонақтар шығарылды.
Заң бұзған келесі нысандар анықталды:
1. «Танцы бар» түнгі клубы (Гоголь көшесі, 73).
2. «Nebo bar gallery and terrase» гастробары (Достық көшесі, 192/2).
3. «Tennisi.kz» букмекерлік кеңсесі (Халиуллин көшесі, 34/90).
Анықталған барлық заң бұзушылық бойынша жауапты тұлғалардан қажетті шараларды қабылдау үшін түсініктеме алынды. Сонымен бірге, оқиға орындарында карантин шараларын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.