Шара 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған
Алматыда Орталық Азиядан келген қолөнершілер «Шығыс базары» жәрмеңкесінде қолдан жасалған бұйымдарын көрмеге шығарды. 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған бұл жәрмеңкеге өз еліміздің қолөнершілері мен көрші елдерден келген шеберлер қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Байқау түрінде ұйымдастырылған шараның мақсаты – елімізде қолөнер саласын дамыту. Ал, байқау соңында жеңімпазға көптеген жеңілдіктер беретін диплом мен сертификаттар табысталатын болады.
«Байқауды біз ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткізіп жатырмыз. Бүгін-ертең әкелген бұйымдарды қарап, тақырыпқа сай келетіндерін таңдаймыз. Бізде мүгедектер бар, зейнеткерлер бар, сол кісілерге біз жеңілдік жасаймыз. Жеңілдік болғанда 1000 орын бар, бәрі тегін болады», – деді «Бақыт» көркемсурет бейнелеу орталығының басшысы Бақыт ӘБДІКӘРІМ.