|
29.02.2024 | 13:37
11015

Оразаны неше жастан бастап ұстауға болады

Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан жауап берді

Оразаны неше жастан бастап ұстауға болады elements.envato.com

Биыл Рамазан айы 11 наурызда басталады. Бұл айда мұсылман қауымы Алла разылығы үшін отыз күн ауыз бекітіп, тамақтан тыйылады. 

Рамазан айының қарсаңында оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан арнайы Almaty.tv тілшісіне жауап берді. 

Сұрақ:  Оразаны неше жастан бастап ұстауға болады? Арнайы жас аралығы бар ма?

Жауап: Балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс, жолаушы емес әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз. Яғни, мұсылман болуы, балиғат жасына толуы, ақыл-есі дұрыс болуы, ораза ұстауға күші жетуі және тұрғылықты жерінде болуы шарт.

Сұрақ: Намаз оқымай тек ораза ұстауға бола ма?

Жауап: Ия, болады. Өйткені намаз өз алдына бөлек парыз құлшылық. Ал ораза - бөлек парыз етілген құлшылық.

Сұрақ: Ораза кезінде, ауызашармен бірге құдайы тамақ берсе, сауап қалай жиналады?

Жауап: Ауызашар беру – сауабы мол амал. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза ұстаушыны тамақтандырған адам (ауызашар берген) оның сауабын алады. Әрі оған ораза ұстаушының сауабы еш кемітілмей беріледі» деп сүйіншілеген (Тирмизи).

Оқи отырыңыз: Биыл Рамазан айы қашан басталады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Автор

автор Зере Саримова
Зере Саримова
редактор
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир