АЭС – уақыт талабы: қызылордалық ғалымдар студенттермен кездесті

10.09.2024 18:38

Қызылордалық ғалымдар кәсіпорындар мен орта арнаулы оқу орындарына барды

Almaty.tv

Елдің ертеңіне қатысты маңызды мәселелер халықтың талқысынан өтуі керек. Осы ұстанымды бағдар еткен қызылордалық ғалымдар кәсіпорындар мен орта арнаулы оқу орындарына барып, АЭС-тің маңызын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар қызметкерлерге электр энергиясының елдің оңтүстік өңірінде тапшы екенін жеткізді. Кездесуде сондай-ақ референдумның маңызы айтылып, ұжым мүшелерін толғандырған сауалдарға жауап берді.

– Әлемде 400-ден аса АЭС 30-дан аса елде қызмет етіп тұр. Ешқандай ақау болған емес. Сол себепті АЭС елімізді тұрақты энергия көзімен қамтамасыз етеді, – деді химия ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрбол Аппазов.

Өңірдегі профессор-ғалымдар да жастармен кездесіп, ашық талқылау жүргізуге көшкен. «АЭС – уақыт талабы» деген олар Қазақстанның 2050 жылға қарай көміртектік нейтралдылыққа қол жеткізуі керек екенін еске салды. Бұл міндет Париж конвенциясына сәйкес жүзеге асуы тиіс.

Оқи отырыңыз: АЭС салу еліміз үшін тиімді - сарапшы