Маңғыстау облысында ауыл әкімі 180 жуық заңсыз жер телімін үлестірген

12.07.2019 20:25

Бүгінгі таңда 30-дан астам жер учаскелері мемлекетке қайтарылған

Столица Нижний

Маңғыстау облысындағы село әкімдерінің бірі 178 жер телімін заңсыз үлестірген. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте Тергеу департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп жазды BAQ.KZ.

«Биылғы жылдың наурыз айында Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы «Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы И. Науханов пен сол ауданның Ақшұқыр ауылының әкімі М. Ізтұрдың әртүрлі мұқтаждықтар үшін жерді бөлу кезінде өкілеттігін асыра пайдалану және құжаттарды жасыру фактілері анықталды. Осы жылдың 25 наурызында Маңғыстау облыстық сотының қаулысымен И. Науханов 1 жыл 6 айға, М. Ізтұр 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған азаматтар өмір бойына мемлекеттік және жергілікті басқарау қызметтерінен аластатылды», - дейді Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, аталмыш тұлғалар Маңғыстау облысында кадастрлық құны 659 млн теңгеден асатын 178 жер учаскесін жер комиссиясының шешімінсіз заңсыз үлестіріп берген. Бүгінгі таңда 30-дан астам жер учаскелері тергеуге дейінгі кезеңде мемлекетке қайтарылған.

Жалпы, қылмыстық статистика деректері бойынша, жер қатынастары саласындағы тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың 82-ден (2018 жылдың 6 айында) 109-ға (2019 жылдың 6 айында) дейін өсуі байқалады.