Ақсай қаласында үш күн бойы су болмайды

03.10.2021 18:40

Құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде негізгі магистралды су құбырына зақым келтірілген

kazinform.asia

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында жұмысшылар 2 қазан күні негізгі магистралды су құбырына зақым келтірді. Соның кесірінен қалада үш күн бойы су болмайды. Бұл туралы қала әкімінің аппараты мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бестау су қоймасынан 10 шағынауданға дейін резервтік желі жүргізу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде негізгі магистралды су құбырына зақым келді. Осыған байланысты су беру тоқтатылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Екі сағаттан кейін әкім аппараты қаланың солтүстік бөлігінде су беріле бастағанын атап өтті.

Болжам бойынша апат толығымен үш күн ішінде жойылады. Оның салдарын жоюмен «Ақсаужылуқуат» және «Байсын-А» ЖШС мамандары айналысып жатыр.

Дереккөзі: Sputnik.