Жерге қауіпті астероид жақындап келе жатыр

Pixabaу
Pixabaу
2029 жылдың сәуірінде ол біздің ғаламшарға барынша қатты жақындайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Диаметрі 400 метр және салмағы 30 тоннаға жуық Апофис деп аталатын қауіпті астероид Жерге қарай ұшып келе жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

2029 жылдың сәуірінде ол біздің ғаламшарға барынша қатты жақындайды.

Жер мен астероид соғысқан жағдайда босатылатын энергия 1717 мегатоннаны құрайды. Бұл 1961 жылы сынақ кезінде жарылған ең жойқын кеңестік термоядролы бомбаның энергиясынан 30 есе көп. Бұл туралы Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

"Астероид құлаған орыннан 10 шақырым радиустағы жер сілкінісінің күші Рихтер шкаласы бойынша 6,5 балды құрауы мүмкін. Ал жел секундына 790 метр жылдамдықпен соғады", - деп жазылған РФ ТЖМ Бүкілресейлік азаматтық қорғаныс жән төтенше жағдайлар проблемасы жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының болжамында.

Алайда сарапшылар астероидтың Жермен соқтығысу ықтималдылығы қаншалықты жоғары екенін айтпады.

Ғалымдар бір ірі метеориттің жер бетіне құлауы тірі ағзаның жаппай қырылуына (осыдан шамамен 250 миллион жыл бұрын) алып келгенін айтып отыр. Луис Альварестің гипотезасына сәйкес, тағы бір метеорит динозаврлардың жер бетінен жоғалып кетуіне әкеп соқты.

Новости партнеров