Шетелге шығуға тыйым салынғанын қалай білуге болады

10.06.2021 18:40

Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды e-Salyq-Azamat тегін мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады

www.nn-airport.kz

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті e-Salyq-Azamat мобильді қосымшасында шетелге шығуға салынған тыйымды сілтеме арқылы қарауға болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ге сілтеме жасап.

Бұл сервис азаматтарға шетелге шығар алдында e-Salyq-Azamat мобильді қосымшасында шығуға тыйым салу бойынша борышкерлер тізілімін қарау арқылы өздерін тексеруге мүмкіндік береді.

Сот орындаушылары борышкерлер тізіліміне шектеулер қою арқылы бюджет алдында 40 айлық есептік көрсеткіштен астам қарызы бар жеке тұлғаларға елден тыс жерлерге шығуды шектейді.

Мобильді қосымшаға кіру үшін, Сіздің деректеріңіздің қауіпсіздігі мақсатында, Сіздің ұялы телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) ЖСН нөміріңіздің тіркелуі қажет.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды e-Salyq-Azamat тегін мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.