|
19.06.2019 | 14:09
9284

Тоқаев «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев сарбаздарға жалынды тілегін арнады

Тоқаев «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты

ҚР Президенті - Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында өтіп жатқан «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында сөз сөйледі, деп жазды Ақорда.


Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев сарбаздарға жалынды тілегін арнады.

«Отанымыз - Мәңгілік елдің беделін арттыра беру - Сендерге артылған зор үміт. Сондықтан, жастарымыз ұлттық құндылықтарымызға адал болып, Қазақстанның жетістіктерін еселей береді деп мен кәміл сенемін», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының сөзінше, игі дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны - отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң.

Айта кетейік, «Айбын» әскери-патриоттық жиыны 2019 жылдың 10-15 маусым аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өтеді.

Шараны ҚР Қорғаныс министрлігі ұйымдастырып отыр. Оған 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысып, күш сынасады.  

«Айбын» әскери-патриоттық жиынының мақсаты - жастар арасындағы әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру, Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, Қарулы Күштердің мәртебесін көтеру және әскери қызметті насихаттау.  Сол арқылы «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубтар мен сыныптардың қызметін үйлестіру және олардың әскери басқару органдарымен қарым-қатынасын бақылау, жастарды Қарулы Күштердің әскери қызметіне дайындау көзделген.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир